Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 11 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.