15:40, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Бүгін Алматыда ерлер арасындағы Almaty Futures халықаралық турнирдің финалына шығатындар анықталады
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын - ерлер арасындағы Almaty Futures халықаралық турнирдің финалына шығатындар анықталады.

Бұл туралы ҚР Теннис федерациясынан мәлім етті.
Жартылай финалдық матчта ресейлік Денис Мацукевич пен беларустық спортшы Андрей Василевский кездеседі. Екінші матчта итальяндық Федерико Гайо Ресей теннисшісі Эрванд Гаспарянмен ойнайды.
Еске салайық, халықаралық турнирдің жеке разрядтағы ойындарының финалы 2011 жылдың 1 мамырында Gorky Tennis Park теннис орталығында өтеді.