Бүгін Алматыда жазушы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың 80 жылдығы аталып өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері К.Қазыбаевтың 80 жылдығына орай еске алу шарасы өтті,

Бүгін Алматыда жазушы, журналист, мемлекет  және қоғам қайраткері   Кәкімжан Қазыбаевтың 80 жылдығы аталып өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Мемлекеттік мұрағаты жеке тектік және тарихи құжаттық коллекциялар қорларымен жұмыс бөлімі ұйымдастырған К.Қазыбаевтың жеке қорынан құжаттар көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде жазушының шығармашылық, өмірбаяндық және қызметіне қатысты құжаттары қойылған .Шара барысында 20 минуттық деректі фильм көрсетілді. Фильмде Ә.Кекілбайұлы, С.Оразалы, Н.Оразбек, Ж.Смағұлов және К.Қозыбаевтың жары Орынша апай өз пікірлері мен естеліктерін айтқан. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед зиялы қауымның жедел хаттарын жеткізе отырып өз заманының шындығын жазған К.Қазыбаевтың шығармашылығынан үзінділер келтірді.