Бүгін Алматыдағы Алатау ауданының құрылғанына 1 жыл толды

      АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Алатау ауданы тұрғындарының саны кейбір облыс орталықтарының халқынан көп.
None
None

   Бұл жайлы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін аудандық әкімшілік үйімен танысу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2008 жылы шілденің 2-сінде Алатау ауданы ашылды. Бүгін оған 1 жыл болды. Елбасының тікелей қолдаумен ашылған ауданда бір жылдың ішінде әкімшілік, құқық, әлеуметтік, басқару органдары құрылды. Мектеп, балабақша, спорт мектебі және тағы басқа да нысандар салынды.   Су, газ құбыры тартылды. Аудан тұрғындарының саны 160 мың адамды құрап отыр. Бұл  кейбір облыс орталықтарының тұрғындарының санынан көп», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала  басшысының айтуынша,  бір жылдың ішінде көп жұмыс тындырылды. Алдымен жаңа ауданда кім тұрады, қалай тұрады, олардың болашағы қандай деген мәселеге талдау жасалды. Қазір енді әкімшілік үйінен бөлек салық комитеті мен халыққа қызмет көрсету орталығы және құқық қорғау органдары орналасатын 2 ғимарат салынуда.

Соңғы жаңалықтар