Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай, Қырғызстан аумағында жер сілкінді

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, сағат 11:50-де Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 426 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай, Қырғызстан аумағында жер сілкінді

2-3 балдық жерасты дүмпулері Жамбыл облысының Тараз қаласында да сезілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Қаза тапқандар мен қирандылар туралы мәлімет әзірше келіп түскен жоқ.