13:42, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Бүгін Алматыға Батыр келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Батыр «777» Жүкембаев (4-0, 4 ko) Алматыға келеді.
Ол шілденің 7-і күні (Астана уақытымен 8 шілдеде) Канаданың Квебек қаласында өзінің кәсіби рингтегі 4-ші жекпе-жегін өткізіп, төртінші жеңісіне қол жеткізген болатын. Жүкембаев Канадада мексикалық боксшы Рэнди Лозаноға (10-10-2, 7 ko) қарсы өткізіп, 3-раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ол осыған дейін өткізген 3 жекпе-жегінде де қарсыластарын мерзімінен бұрын нокаутпен ұтқан болатын. Әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Батырды жанкүйерлері бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы халықаралық әуежайында күтіп алады деп жоспарланып отыр. Ол Алматыда бір айға жуық уақыт тынығып алып, келесі жекпе-жегіне жаттығуды бастамақ.