Бүгін Алматының бас жаңажылдық шыршасы жағылатын болады

Салтанатты рәсімге Алматы қаласының ардақты азаматтары Марфуға Айтқожина, Сұлтан Жиенбаев, ҚР Халық әртісі Лаки Кесоглу, Олимпиада жеңімпазы Ольга Шишигина, шахмат бойынша төрт дүркін жеңімпаз Жансая Абдумәлік, «Миссис Қазақстан - 2011» аруы Виктория Момынбаева, «Алматы аруы - 2011» Айгерім Бекенова және тағы да басқа қаламыздың құрметті азаматтары қатысады.
Мерекелік шараға балалар үйі мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан 1000-нан астам балалар арнайы шақырылды. Оларға мереке барысында жаңажылдық сыйлықтар тарту етілетін болады.
Кеште балалар мен меймандарға арналған Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен сахналық көрсетілім ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында Мәдина Сәдуақасова, Жанна Орынбасарова, Жамиля Серкебаева, «Орда», «Тәңсәрі» топтарының мерекелік ән шашуы мен «Возрождение» сән театрының көрсетілімі өтеді.