06:32, 04 Желтоқсан 2022 | GMT +6
Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 4 желтоқсанда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 4 желтоқсан, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.