Бүгін «Аманат» пікірсайыс клубының халық санағы тақырыбында кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Риксос» қонақүйінде «Аманат» пікірсайыс клубының «Халық санағынан қалыс қалмайық!» тақырыбында кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұған дейін хабарлағанымыздай, басқосудың мақсаты ? 10 жылда бір рет өткізілетін халық санағының мемлекет пен әрбір адам үшін маңыздылығын айтып, тұрғындарды айтулы шараға бір адамдай атсалысуға үндеу. Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, тарихшылар, ақын-жазушылар, Статистика агенттігі Демографиялық-әлеуметтік статистика департаментінің директоры Әсия Қасенова және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Ерлан Қарин қатысып, тақырып төңірегінде жан-жақты әңгіме өрбітті.«Санақ жүргізу туралы қаулы 2007 жылдың қараша айында қабылданған болатын. Соған сәйкес 2008 жылы Статистика агенттігі санақ жүргізу алдында көптеген жұмыстар атқарды, ұйымдастыру жоспарын құрды. Республика бойынша 1674 бөлімше ашылды, 13 мыңнан астам санақ орталықтары құрылды. Барлығы 83 мыңға жуық санақшы бар», - деді Ә.Қасенова. «Санақтың үлкен саяси маңызы бар, үлкен саяси-тарихи астары бар, осы шара алдағы 30-40 жыл саясатымызды белгілеуге ықпалын, әсерін тигізетін үлкен саяси науқан деп түсінген дұрыс. Ұлттық санақ ? бүкіл ұлт, республика деңгейінде жүргізілетін ең үлкен әлеуметтік сауалнама деп түсіну керек. Алдағы санақтың нәтижесі ешкімге күмән тудырмауы керек. 10 жылда бір рет өтетін сауалнама болғандықтан, ол ең таза, ең пәк, әдістеме, адамгершілік жағынан да әділ өтуі тиіс», - деп атап өтті саясаттанушы Айдос Сарым.Басқосуда санақ жүргізуге арналған сауалнама парақтары таныстырылып, талқыланды. Статистика агенттігінің өкілі басқосуға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Соңғы жаңалықтар