Бүгін Амстердам-Куала-Лумпур бағытындағы № МН17 рейсі соңғы сапарын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Малайзия әуе желісі" әуекомпаниясының Амстердам - Куала-Лумпур бағытындағы № МН17 рейсі бүгін соңғы сапарын жасады, деп хабарлады РИА Новости.

Бүгін Амстердам-Куала-Лумпур бағытындағы № МН17 рейсі соңғы сапарын жасады

Бұған дейін хабарланғандай, енді бұл рейс нөмірі МН19-ға аусытырылды.

«МН17 рейсі тарихта қайғылы оқиғамен аяқталды. Бұл 17 шілдеде қаза тапқан 298 адамды еске салу үшін жасалып отыр», - делінген компания мәлімдемесінде. БАҚ-тағы сарапшылардың пікірінше, екі бірдей ұшақ оқиғасынан кейін малайзиялық әуекомпаниясыны өте қиын кезеңді басынан кешіріп отыр және оның болашағы күманды. Ал керісінше, әуекомпания басшылығын отандастары қолдап, жабылмауға шақырған.