Бүгін аналар мерекесінде Аралда алты сәби дүниеге келді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастарды қолдау орталығы" МКМ, «Жас Арал өрендері» жастар бірлестігінің мамандары 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай перзентханаға барып, атаулы мереке қарсаңында дүниеге сәби әкелген жас аналарды құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Мерейлі күні Арал қаласында 6 нәресте дүние есігін ашқан. Дәрігерлердің мәлімдеуінше сәбилердің денсаулығы бірқалыпты. Қос қуанышқа кенелген аналардың бірі алғаш рет босанса, бірі бірнеше баланың анасы атанып отыр.