Бүгін Астана аспанында жүздеген шарлар мен батпырауықтар қалықтады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана аспанында бұлттар ғана емес, батпырауықтар, мультфильм кейіпкерлері, жануарларды және т.б. қалықтады. Мұның барлығы екінші рет ұйымдастырылған «Астана аспаны» халықаралық шарлар мен батпырауықтар фестивалі аясында өтті.
Ақбұлақ өзенінің жағасына жүздеген қала тұрғындары батпырауықтар ұшыруға жиналды. Балалар мен үлкендердің жүзіндегі күлкі мен көтерңікі көңіл-күйлері, алған ерекше әсерлері ұзақ уақытқа есте қалатындай болды.
Кез-келген адам сағат 18:00-де аспанға батпырауықтар мен шарлар ұшырудан шеберлік сағатына қатыса алады. Шеберлік сағаты Ақбұлақ өзенінің жағасында орнатылған сахнада өтеді. Халықаралық фестиваль мереке күндері де жалғасады, деп хабарлайды astana.kz .