Бүгін Астана мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 12 маусым күні метеорологиялық жағдайлар екі қаланың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін Астана мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің ақпаратынша, қолайсыз метеожағдайлар Астана, Балқаш, Қарағанды,Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.