Бүгін Астанада 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасына алаугерлерді іріктеу салтанатты түрде басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасына алаугерлерді іріктеу салтанатты түрде басталғандығына арналған шара өтті.
None
None

Алаугерлерді іріктеу Алау эстафетасына дайындық үрдісінің ең жауапты әрі қиын кезеңі. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың пікірінше, Азиада ойындары үлкен ұлттық спорт мерекесі болғандықтан, Алау эстафетасының маңызы өте жоғары.

Іріктеу процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Алаугерлер ретінде белгілі спортшылар, спорттық жетістіктері бар, елге еңбегі сіңген, олимпизм идеясын жақтаушы азаматтар таңдап алынады.

Үміткерлердің тізімдерін облыс әкімдерінің төрағалығымен құрылған комиссиялар бекітеді. Ал соңғы тізімді Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов төрағалық ететін республикалық комиссия бекітеді.

Қазақстан бойынша барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады. Әр облыстан - 60, Астанадан - 100 және Алматы қаласынан - 80 адам қатысады.

Еске салайық, 7-ші қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы 2011 жылғы қаңтардың 1-і күні Эль-Куәйт қаласында салтанатты түрде бастау алады. Кейін Эстафета 20 күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып, қаңтардың 30-ы күні Астана қаласына ойынның ашылу рәсіміне жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар