Бүгін Астанада 674 мектеп түлегі ҰБТ тапсырды

Бұл туралы елорданың білім басқармасынан хабарлады. «Астана қаласында 2014-2015 оқу жылы мектеп қабырғасынан 4407 түлек ұшады. Олардың 3554-і ҰБТ-ға қатысады, «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 173. Мектепте 835 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырады, олардың ішінде 398-і - халықаралық олимпиада жеңімпаздары, 18-і - денсаулығына байланысты босатылғандары», - делінген хабарламада. 2015 жылғы 2 маусымда ҰБТ 2 пунктте өтті. Сонымен, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-інде оған 501 оқушы қатысты, олардың 184-і тестілеуді қазақ тілінде, 317-сі - орыс тілінде тапсырды. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де оған 173 оқушы қатысты, олардың 69-ы қазақша, 104-і - орыс тілінде тапсырды. ҰБТ-ға қала бойынша барлығы 674 оқушы қатысты. Олардың 253-і - қазақ тілінде, 421-і - орыс тілінде тапсырды.