Бүгін Астанада Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында белгілі күйші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтеді.

Бүгін Астанада Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтеді

Бұл шараны Астана қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған. Өнер иесінің кешіне Астана мемлекеттік филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі қатысады. Бұл оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.

Осы кеште халқымызға әсем де әсерлі күй сыйлап келе жатқан сазгердің көптеген шығармалары орындалады деп жоспарланып отыр.

Шығармашылық кеш сағат 19-00-де басталады.