Бүгін Астанада антидәмхана жұмыс істей бастайды

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Антидәмхана форматындағы Қазақстандағы тұңғыш көңіл көтеру орны жұма күні Астанада жұмыс істей бастайды.

Бүгін Астанада антидәмхана жұмыс істей бастайды

Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.

«15 маусым күні Астанада Қазақстан үшін таңсық форматтағы жаңа көңіл көтеру орны ашылмақ. «Біздің орын» деп аталатын алкогольсіз анти-дәмхананың қонақтары жеген тамақтары үшін емес, осы мекеме іргесінде өткізген уақыты үшін ғана ақша төлейтін болады. Тамақты өзіңмен бірге алып келуге болады, ал шай, кофе, үстел ойындары мен басқа да көңіл көтеру шаралары тегін ұсынылады», - дейді жобаның авторлары.

Жаңа дәмхананың иелері атап өткендей, антикафе форматын батысто ойлап тапқан, сондай-ақ демалудың аталмыш жаңа үлгісі аз уақыт ішінде Ресейде үлкен сұранысқа ие болып үлгеріпті.

«Дәмхананың тұжырымдамасын ойластырып жатқанымызда ғимаратты шай ішіп, үстел ойындарын ойнауға ғана ұсынып қою - қызықсыз болады деп шештік. Анти-кафе айналадағы адамдармен жүзбе-жүз еркін пікір алмасуға, әңгімелесуге мүмкіндік береді», - дейді жоба авторлары.

Онымен бірге, жаңа дәмхананы безендіру жұмыстары бойынша пікірлер енді ғана қолға алына бастады, сондықтан оның әрбір қонағы оған өз үлесін қоса алады.