Бүгін Астанада ауызсу беру уақытша тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 20 маусымы күні қаладағы кейбір үйлер ауыз судан ажыратылатын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін Астанада ауызсу беру уақытша тоқтатылады

«Астана су арнасы» коммуналдық мекемесі Молдағұлова және Берел көшелеріндегі учаскелерде Д=100 мм жапқышын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жайында мекеменің аxуал орталығы xабарлады. 

Ауыз су сағат 10:00-18:00 аралығында: Сарыбұлақ көшесі, 15а, 19, 19/1, Берел көшесі (жеке сектор) аумақтарында өшіріледі.

«Астана су арнасы» МКМ уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.