10:11, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Бүгін Астанада дзюдо күресінің ардагерлері арасында турнир өтеді
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Бүгін Астанада дзюдо күресінің ардагерлері арасында турнир ұйымдастырылады.
Майталман дзюдошылардың сайысы Қазақстанның дене шынықтыру және спорт салаларына еңбек сіңірген қызметкер, КСРО-ның спорт шебері Жангелдин Серік Айдарұлын еске алуға арналып отыр. Оған аталмыш спорт түрінің Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Семей және Қарағанды қалаларынан келген ең үздік палуандары қатысады. Бұқаралық спортты дамыту және Қазақстанда дзю-до күресін насихаттау мақсатын тұтқан шараны Астана қаласының Дзюдо федерациясының қолдауымен «Астана Батыры» жекпе-жек клубы мен Ұлттық спорт түрлерінің елордалық клубы ұйымдастырып отыр. Турнир «Қазақстан» спорт кешенінде (басталуы сағат 12.00-де) Бейжің қаласындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеевтің есіміндегі дзю-до залында өтеді.