Бүгін Астанада қала аумағын қардан тазарту сенбілігі өтті

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада қалалық коммуналдық қызметтердің қатысуымен көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, қала аумағын қардан тазарту сенбілігі өтті,

Бүгін Астанада қала аумағын қардан тазарту сенбілігі өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу үшін, сондай-ақ жолдар, көпірлер, ғимараттар мен басқа да нысандардың қалыпты жағдайын сақтап қалуға және көктемгі ағыстармен болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған аталмыш жоспар ауқымында бюджеттен 182 миллион теңге бөлінді.

Көктем уақытында су астында қалуы мүмкін аумақтарды қардан тазарту және оны қала сыртына шығару жұмыстарымен «Астана Тазалық» ЖШС-ның және қалалық басқа да коммуналдық кәсіпорындардың 150-ге жуық арнайы техникасы мен 200 адамы айналысты. «Астана Тазалық» су басуы мүмкін жерлерге төгу үшін алдын ала 7000 текше метр қиыршық тас, 3000 текше метр қиыршық құм және 700 текше метр құмды дайындап қойды.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Берік Ахметжановтың айтуынша, аудан аумағында бұл - Көктал 1, 2, Агроқалашық және Өндіріс тұрғын кенттері, Панфилов және Павлов көшелері.

Алдыңғы жылдары жүргізілген осындай жұмыстар барысында көктемгі тасқын уақытында су астында қалуы мүмкін тұрғын үй секторларының картасы дайындалған болатын, олар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық қызмет мамандары тұрғындарды да белсенділікке шақырып, су басу қаупі бар жерлер туралы су тасқынына қарсы комиссияның аудандық штабтарына хабар беруді сұрады. Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша телефон - 48-43-37, Есіл ауданының байланыс нөмірі 79-55-54, 79-55-62.