Бүгін Астанада қала тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада қала тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінен мәлім етті.
None
None

Жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» МҚКК мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесімен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Өткізілу орны мен уақыты - «Эдем палас» тұрғын үй кешенінде, таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін.

Деректер қорында 296 жұмыс беруші ұсынып отырған 2014 бос жұмыс орны бар. Олардың ішінде жәрмеңкеге қатысуға алдын ала өтінімдерді 52 жұмыс беруші мен 13 білім беру мекемесі берді.

Жұмыссыз ретінде тіркелген жас мамандар мен оқу орындарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен қалалық мекемелердің бірінен дипломнан кейінгі тәжірибеден өту ұсынылатын болады.

Дипломнан кейінгі жұмыс көптеген студеттерге өз мамандықтары бойынша жұмыс табуға сондай-ақ, өз білімін, қабілеті мен біліктілігін таразылауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға қолғабыс ету мақсатында жұмыс берушілермен қосымша «әлеуметтік жұмыс орындары» құрылды.

Жәрмеңке барысында сонымен бірге, түйіндемелерді дұрыс құрастыру бойынша көмектер; «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы, «ҚР Еңбек Кодексі» және тағы да басқа заңнамалық құжаттар бойынша заңдық кеңестер мен психологиялық кеңестер көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар