Бүгін Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылады

Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, көрмеде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір және Мақсат Бексұлтанның туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
Жанұзақ Мүсәпірдің туындыларына туған өлкесінің табиғаты арқау болған. Олар натюрморттар, қала көріністері түрінде беріледі. Ерекше назар аударатын туындылар - этнографиялық сипаттағы картиналар. «Бәйге», «Күз», «Балықшы», «Қобыз үні», «Хан тәңірі» секілді өнер туындыларында қазақ халқының тыныс-тіршілігі мен тұрмысы, туған өлке табиғаты бейнеленген.
Сондай-ақ көрме қонақтары көптеген жас таланттардың тәлімгері болып жүрген Мақсат Бексұлтанның шығармашылығымен таныса алады. Суретшінің айтулы туындыларының бірі - «Аңырақай шайқасы» картинасы көпшіліктің көңілінен өзіндік орнын алары сөзсіз.