12:19, 10 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бүгін Астанада қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының арасында ІІІ қашықтан өткізілетін республикалық олимпиада басталды
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астанада қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қашықтан өткізілетін ІІІ республикалық олимпиада басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш шараны «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілді қолданудың басты бағыттарын анықтау және білім беру жүйесінде оны оқып-үйрену сапасын арттыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Олимпиаданың мақсаты ? мемлекеттік тілді рухани даму және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтап, оларды әрі қарай дамыту. Білім жарысына республиканың 6 аймағынан жиналған 5-10 сыныптарының 33 оқушысы қатысып отыр. Ал бүгін кешке «Данияр» қонақ үйінің конференц-залында ІІІ республикалық олимпиаданың салтанатты жабылуы өтеді.