Бүгін Астанада «Қазақстан аруы-2012» таңдап алынады

 АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан аруы-2012» сұлулық байқауының ақтық мәресі өтеді.
None
None

Оның жеңімпазы «Әлем аруы-2013» байқауында елімізді таныстыратын болады.

Аталмыш байқауда  елорда атынан жеті ару қатысады, олардың қатарында «Астана аруы» Аяулым Ерғазы және «Бірінші вице-мисс» Айжан Байдосова бар. Сондай-ақ  Маргарита Бекметьева, Гүлістан Омарова, Руслана Терещеня, Екатерина Пономаренко, Әйгерім Қожаханова да сайысқа түседі.

Сұлулық байқауында Алматының намысын 2 ару - «Қала аруы» Фарида Мәлік, сондай-ақ Карина Жетесова қорғайды. Атырауды Асылай Әмітова таныстырады, Қарағандыдан - Анна Чудаева, Көкшетаудан - Зияда Бекбосынова, Қостанайдан - Сәуле Досжанова, Қызылордадан - Гүлзира Әбуова, Оралдан - Айгүл Мұсақұлова, Өскеменнен - Мәлика Ыбрайымова, Павлодардан - Кәмилла Жекесова, Семейден - Данара Ақанғали, Талдықорғаннан - Анар Түркістанова, Тараздан - Назым Ақылова, Шымкенттен - Жазира Нұрымбетова және Ақтөбеден Әлия Мұханова қатысады.

Сонымен қатар байқауға «Мисс фото» Айдана Төлегенова,  «Мисс модель» Ксения Конькова, «Спорт аруы» Ақмарал Қаламбаева да қатысып, бақтарын сынайды.

Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Марат Бисенғалиев, қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов, сондай-ақ дизайнер әрі актер Бөпеш Жандаев т.б. арулардың сайысына қазылық ететін болады. 

Соңғы жаңалықтар