Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы» өкімге қол қойған болатын.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясы 2016 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен шақырылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген Өкім мәтінінде.