09:59, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс құрылтайы өтуде
АСТАНА 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Назарбаев орталығында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VII құрылтайы өтуде.

Алқалы жиын барысында Қазақстанның Бас мүфтиі сайланады деп жоспарлануда.
Алдын ала мәліметтер бойынша Қазақстан Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі қызметіне Ержан Маямеров ұсынылады деп күтілуде. Айта кетейік, Е. Маямеров Семей өңірінің тумасы. Ол Мысырдағы Әл-Әзһар университетін тәмәмдаған. Аталған мемлекетте 15 жыл бойы діни білімін шыңдаған ол елімізге оралғаннан кейін ҚР Бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы болып тағайындалған еді.