13:28, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Бүгін Астанада «Қазақстанда Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Жас Отан» жастар қанатының және Ұлттық Дельфий комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанда Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш шараға «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев, «Ұлттық Дельфий комитетінің» теңтөрағалары Талантбек Төлебеков, Ұлар Мұқажанов және комитеттің елордалық филиалының жетекшісі Әліби Әбдінұров қатысты. Баспасөз мәслихатында елімізде Дельфий қозғалысын дамытудың жаңа тұжырымдамасының тұсаукесері өтіп, шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған жаңа жобалар ұсынылды. Оның ішінде «Шығармашылық шабыт», «Алдар Көсе», театрландырылған балалар фестивалі, «Әнім саған ? туған жер» патриоттық әндердің жастар байқауы бар.«Қазіргі кезде Дельфий ойындары ТМД елдерінде үлкен дәрежеге жетіп отыр. Оның басқа байқаулардан ерекшелегі ? көп қатысушылары бар және халықаралық деңгейге шығуға кепілдік береді. Қазақстанда Дельфий ойындары жүйелі өткізіліп отырады. Оның ішінде бірнеше ұлттық ойындар да бар. Менің ойымша, осындай ойындар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізеді» - деді Нұрлан Өтешев.Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ұлттық Дельфий комитеті» жастарды мәдени және рухани жағынан дамыту жөнінде Сараптамалық кеңес құруды жоспарлауда. Оның құрамына қазақстандық белгілі тарихшылар, ғалымдар, мәдениеттанушылар, археологтар, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.