Бүгін Астанада кей көшелерде көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, жолдар жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жол белгілерін салуға байланысты жабылады. Атап айтқанда, Республика даңғылы Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Тоқпанов көшесі - Шарь де Голь көшесі, Шарль де Голь көшесі Тәуелсіздік даңғылынан Тоқпанов көшесіне дейін, Омаров көшесі Уәлиханов көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін, Бесшалқар көшесі Балқантау көшесінен Айнакөл көшесіне дейін, Көпейұлы көшесі Жұмабаев көшесінен Балқантау көшесіне дейін, Тараз Сейфуллин көшесінен Жангелдин көшесіне дейін, Омаров көшесі Бөкейхан көшесінен Әуезов көшесіне дейін, Қордай көшесі Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін, Оқжетпес көшесі Байтұрсынов көшесінен Герцен көшесіне дейін және Сартау тұйық көшесі Алмалы Қысқа көшесінен Қордай көшесіне дейін жабылады.

Сонымен қатар асфальт төсеу және фрезерлеу жұмыстарын жүргізуге байланысты келесі көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі: Пушкин көшесі Кенесары көшесінен Жұбанов көшесіне дейін, Орынбор көшесі Сарайшық көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін (М-2 көпірі), Герцен көшесі Жерұйық көшесінен Карбышев көшесіне дейін, Иманов көшесі Әуезов көшесінен Республика даңғылына дейін, Орынбор көшесі Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін (Орынбор көшесінің бойындағы жолда қозғалыс жартылай шектеледі), Петров көшесі Жұмабаев көшесінен Жирентаев көшесіне дейін, Тараз көшесі Сейфуллин көшесінен Абай даңғылына дейін, Толстой көшесі Сембинов көшесінен Әлімжанов көшесіне дейін, Балқантау көшесі Жұмабаев көшесінен Төлебаев көшесіне дейін және ЖЭО-2 жолы Алаш тас жолынан Пушкин көшесіне дейін. Ведомство қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар