Бүгін Астанада «Кімсіз, Ка мырза?» атты жаңа отандық шытырман оқиғалы фильмнің тұсаукесері өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, қаңтардың 19-ы күні Астанадағы «Самұрық» кинотеатрында Қуат Ахметовтың «Кімсіз, Ка мырза?» атты жаңа отандық шытырман оқиғалы фильмнің тұсаукесері өтеді,

Бүгін Астанада «Кімсіз, Ка мырза?» атты жаңа отандық шытырман оқиғалы фильмнің тұсаукесері өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмнің басты рөлін Кеңес Одағы мен Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов сомдады. Фильді түсірудегі идея да Әшімовке тиесілі, сценариін жазған Ермек Тұрсынов пен Қуат Ахметов, продюсерлері - Венера Нығматулина және Әліжан Ыбрагимов.

Ұзақ жылдардан соң Гонконгтің түрмесінен босап шығып, Отанына оралған қарт, Игорек есімді кездейсоқ жолсеріктің душар болған қиын жағдайымен байланысты еріксіз, айладан құрылған қауіпті ойынға араласады. Ақырында одан өзін және жас баланы аман алып шығу үшін, өзінің өткен өміріндегі «тәжірибелерін» қолданып, амал-әрекеттер жасайды.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Изарус-фильм» кинокомпаниясы ұсынып отырған отандық жаңа лента, қаңтардың алдағы 21-і күні алматылық киносүйер қауымның назарына «Алатау» кинотеатрында ұсынылатын болады.