Бүгін Астанада Қорғалжын тас жолы уақытша жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 желтоқсан күні Астана қаласында терроризммен күрес бойынша елордадағы жедел штабтың жоспарлы оқу-жаттығулары өтеді.

Бүгін Астанада Қорғалжын тас жолы уақытша жабылады

«Шара терроризм мен оның зардаптарын азайтып, жолын кесу бойынша мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыс істеуіне бағытталған. Соған байланысты Қорғалжын тас жолының маңында 10.00-ден 13.00-ге дейін көлік құралдары мен халықтың жүруіне уақытша шектеу қойылады», - деп хабарлады қаланың ІІД-нен.