Бүгін Астанада марафонға байланысты қоғамдық көліктер ішінара шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 қыркүйек Астанада халықаралық марафонға байланысты қоғамдық көлік ішінара шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Астанада марафонға байланысты қоғамдық көліктер ішінара шектеледі

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

«Astana Marathon 2023» халықаралық марафонының өтуіне байланысты 3 қыркүйекте сағат 7:00-ден 12:00-ге дейін қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Осыған байланысты, бірнеше қалалық бағдарлардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болады.

Өз сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз!» - деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.

Бағдарлар және өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.