Бүгін Астанада «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астаналық» мәдениет және демалыс орталық саябағында «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өтеді. Оған «Жасыл ел» жасағының 30 мүшесі қатысады, деп хабарлады astana.kz.

Бүгін Астанада «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өтеді

«Біз саябақты және қалалық жағажай аумағын тазартуды жоспарлап отырмыз. Шараны өткізу үшін осы саябақты таңдауымыз кездейсоқ емес. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны», - деді Астана қаласының «Жасыл ел» студенттік құрылыс және еңбек жасақтары штабының төрағасы Әділбек Бекташев. Ұйымдастырушылар астаналықтарды шараға қатысуға шақырады. Өйткені, қаланың тазалығы үшін бұл - ортақ іс, делінген хабарламада. Айта кетейік, «Саябақтар шеруі» көптеген мемлекеттерде жыл сайын өткізіледі. Астанада 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Акция 20 шілде сағат 11.00-де басталады.