Бүгін Астанада теңге ілуден Азия чемпионаты және асау үйретуден республикалық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 тамыз күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай теңге ілуден І ашық Азия чемпионаты және асау үйретуден республикалық турнир ұйымдастырады.
None
None

Ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан республикаларының спортшылары қатысады, деп хабарлайды nurotan.kz.

«Нұр Отан» партиясы тек қана теңге ілу және мына асау үйрету, «Алтын тұлпардан» басқа, айтысқа да өзінің үлесін қосып, қолдауын көрсетіп келеді. «Бүркітшілер», аударыспақтан жарыстар өтті, «Қазақстан Барысында» өзінің қолдауын көрсетіп келе жатыр. Сондықтан қолдаулар партия тарапынан қашанда өз жалғасын таба бермек», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли.

Соңғы жаңалықтар