Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.
«29 тамызда 9 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штабтың ресми хабарламасында.