Бүгін Астанада Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында «стволдық клеткалар» зертханасы ашылды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығында (ҰҒМО) «стволдық клеткалар» зертханасының салтанатты ашылуы болды.
None
None

Зертхана «Stemedica Cells Technologies, inc» америкалық жекеменшік биофармацевтикалық компаниямен бірлесіп құрылды.

Зертхананың ашылуынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев атап көрсеткендей, «стволдық клеткалармен» емделу қазақстандықтар үшін тегін болады, шет ел азаматтарына ақылы жүргізіледі. Мәлім болғандай, клеткалық материалдың бір дозасы - 160 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ Ж.Досқалиевтың айтуынша, «стволдық клеткалармен» емдеу әдісі тек ересектерге ғана қолданылады және ол - қант диабеті, бауыр, қалқанша без, жұлын, көз, жүрек-қан тамыр және басқа да ауру түрлеріне қолданылады.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, қазір Қазақстанда «стволдық клеткалардың» қолданылуына құқық беретін барлық қажетті нормативті-құқықтық база бар.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні ҰҒМО базасында аталмыш тәсіл бойынша науқастарды емдеу үшін Парсы шығанағының бірқатар елдерімен келісімшарттар жасалды.

Айта кетейік, «ствол­дық клеткалар» жарамсыздыққа ұшыраған мүше клеткаларын «ті­ріл­ту» үшін ағзаға арнайы тәсілмен енгізіледі. Кейін ол бүлінген жерге барып орналасып, ағза мүшесінің жұмысын бұрынғы қалпына келтіреді. Қазақстанда бұл әдісті алғаш насихаттай бастаған мамандардың бірі - Ж.Досқалиевтің өзі болатын.

Соңғы жаңалықтар