12:24, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Бүгін Астанада ЮНЕСКО фестиваліне қатысушылар марапатталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» ЮНЕСКО халықаралық байқау-фестиваліне қатысқан жас суретшілер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады6 деп хабарлады елорданың ресми сайты.

Салтанатты шара «Назарбаев орталығының» жаңа ғимаратында өтеді. Сонымен қатар балалар Есілдің сол жағалауын, Оқушылар сарайын, «Думан» ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және Келісім сарайын, Тәуелсіздік сарайын және ҚР Ұлттық музейін аралайды.
Еске салайық, 20 тамызда байқау-фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстаннан 150 жас суретші Астанаға келді. Жас қылқалам шеберлері екі күн бойы Орталық Азия елдерінің дарынды суретшілерінің бейнелеу өнерінен шеберлік сыныптарына, толеранттылық бойынша тренингтерге, халықаралық мамандардың мәдениет, өнер және коммуникация саласындағы дәрістеріне қатысты.