Бүгін астанада және 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 3 ақпанда еліміз қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін астанада және 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер болжамына сәйкес, бейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық ахуал Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, Шымкент қалаларында күтіледі. Сондай-ақ Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2 дәрежелі жағымсыз метеожағдай болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.