13:02, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Бүгін Астанада жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған флэш-моб өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған жаппай флэш-моб өтеді. Іс-шара «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясы аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ішкі істер департаментінен хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда әкімдігімен, «Avtokontrolkz» ЖШС-мен, сонымен қатар, қаладағы ЖОО-лардың жастар ісі жөніндегі комитеттермен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара бүгін сағат 18.00 әкімдіктің алдындағы қалалық алаңда өтеді. «Фэш-моб жол қозғалысының қауіпсіздігіне және жол қозғалысына қатысушылардың киімінде жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану жөнінде кеңестер беруге арналған», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен. Іс-шара аяқталған соң полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жарық шағылыстыратын белдіктер мен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы брошюралар таратады.