Бүгін Астанадағы ең биік жаңа қонақүй алғашқы келушілерін қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы қазіргі таңдағы ең биік мейманхананың терезесінен қала көркі ерекше көзге түседі. Бұл «Astana Marriot Hotel» бүгін қала тұрғындары мен қонақтарына өз есігін айқара ашпақ.

Бүгін Астанадағы ең биік жаңа қонақүй алғашқы келушілерін қабылдайды

«Marriot» брендінің барлық стандарттарына сай салынған мейманхана сол жағалаудағы Достық көшесінде орналасқан. 28 қабатты мейманханада 271 жайлы бөлме, 6 әмбебап конференция залы мен 3 мейрамхана, сонымен бірге жабдықталған жаттығу залы мен жабық бассейні бар денсаулық клубы орналасқан. Келушілерді тәнті ету үшін ғимараттың ең төбесіне бар орналастырылған. Бұл жерден қала алақандағыдай көрінеді. Халықаралық деңгейдегі мейманхананың ашылуы елордада туризмді дамытудың маңызды жобасы болып табылады. Ол шетел қонақтарының жиі келуіне және Астана мен еліміздің имиджін арттыруға оң ықпалын тигізбек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.