Бүгін астаналықтар қайырымдылық веложарысына қатыса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен, отандық эстрада жұлдыздарымен және меценаттармен бірге «Қайсар керуен» ашық бұқаралық веложарысына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін астаналықтар қайырымдылық веложарысына қатыса алады

Ұзындығы 4,6 шақырымдық веложорық таңғы сағат 10.00-де «Салтанат сарайынан» басталады, ал мәресі «Сарыарқа» велотрегі алаңында орналасады. Веложарыстың барлық бағдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсету және қан қысымын өлшеуге арналған нүктелер қарастырылады. Тіркелу кезінде әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ретінде ұтысқа қатысатын тіркелу нөмірі беріледі. Сәтті саны сәйкес келген велошабандоздарға 20 жаңа велосипед тарту етіледі. Сонымен қатар жарыстың ең үлкен және ең жас қатысушыларына және спортсүйер отбасыларға арнайы сыйлықтар әзірленген. Әр астаналық жарысқа қатысып, достарымен бірге уақытты жақсы өткізе алады, бағалы сыйлықтарға ие болады. Осылайша әркім мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың дамуына өз үлесін қоса алады.