Бүгін Астананың кей аудандарында ыстық су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекте Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Астана теплотранзит» АҚ хабарлады, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Бүгін Астананың кей аудандарында ыстық су беру тоқтатылады

Жылу магистралдарын тығыздығына сынау жұмыстарына байланысты Мехгорка, Игілік, Ақсай, Тайбурыл, Шонанұлы көшелеріне ыстық су беру ажыратылады. Осыған орай жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы тиіс. Осы кезеңде қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылуы керек.