Бүгін Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 ақпанда Қазақстанның барлық дерлік қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ауа сапасының нашарлауы тек Атырау қаласында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.