Бүгін Ауғанстанда президенттік сайлау өтеді
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Ауғанстанда президенттік және провинциялық сайлаулар өтеді. Сайлаушылар 34 үміткердің ішінен мемлекет басшысын, сондай-ақ провинциялық кеңестердің 420 өкілін сайлайды, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Президенттікке негізгі күрес елдің қазіргі басшысы Хамид Карзай мен оның негізгі екі қарсыласы - бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғанидің арасында жүреді деп күтілуде.
Биылғы сайлау - ел тарихындағы екінші сайлау. Оған 17 миллионнан астам сайлаушы тіркеліп отыр.