Бүгін - Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күні
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күні. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 4-ші әйелдер конференциясында ұсынылды және бұл атаулы күн сол жылдан бастап атап өтіліп келеді.
Ауыл әйелдері жер шары тұрғындарының ширектен астамын құрайды және азық-түлік өнімдерін өндіруде, сондай-ақ ауылдық жерлердің дамуына, тұрақтылығына көп септігін тигізеді. Дегенмен олардың өмірлік маңызы зор несие алу, білім алу сияқты қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндіктері аз. Әлемде 500 миллон ауыл әйелдері кедейшілікте өмір сүреді.