Бүгін ауыр салмақтағы боксшылар Кличко мен Поветкин күш сынасады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ресейлік Александр Поветкин мен украиндық Владимир Кличко Мәскеуде күш сынасады.
None
None

Кеше олардың салмақтары өлшенді. Поветкин Кличкодан жеңілдеу болып шықты. Поветкиннің салмағы 102,4 килограмм, ал Кличконың салмағы - 109,6 килограмм тартты, деп хабарлады Лента.ру.

Ресейлік және украиндық боксшылардың сайысы Мәскеудің «Олимпийский» спорт кешенінде өтеді. Сайысты тікелей эфирден Бірінші арна көрсетеді.

37 жастағы Кличко WBA (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) нұсқасы бойынша «суперчемпион» атағын, сондай-ақ WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) және IBF (Халықаралық бокс федерациясы) чемпиондары атағын қорғайды. 34 жастағы Поветкин WBA чемпионы белбеуінің иегері.

Украиндық Кличко 63 ұрыс өткізді, 60 рет (51-і нокаутпен) жеңіске жетті, үш рет қана жеңілді. Ресейлік Поветкин барлық өткізген 26 жекпе-жегінде (оның 18-і - нокаутпен) жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар