Бүгін - Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991).

Бүгін - Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күні

Әзербайжан Республикасы - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғары органы - парламент (меджлис).

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-сінде орнатылды.