Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін - Бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні.

Бүгін - Бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні

2002 жылдың 3-20 маусым күндері аралығында өткен Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясы сессиясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі.

Бұл күн, әлемде кеңінен жүргізіле бастаған бала еңбегін пайдалануға тыйым салу қозғалысына назар аударту мақсатында белгіленді. Оның нәтижесі бойынша Халықаралық еңбек ұйымының «Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы» №138-інші және «Бала еңбегінің ең тұрпайы түрлеріне тыйым салу және оларды жою бойынша шұғыл іс-шаралар бойынша» №182-інші Конвенцияларын қабылдаған елдердің саны артты. Қазақстан бұл Конвенцияны 2002 жылдың 26 желтоқсанында ратификациялады.

Бүгінде әлемде миллиондаған балалар еңбегі экономикалық қызметтің түрлі салаларында пайдаланылып келеді. Балалар мен жасөспірімдер фермалар мен плантацияларда жұмыс істейді, көліктерді жуып, қайыр сұрайды. Кәмелетке толмағандар қауіпті жұмыстарға тартылған.

Әсіресе, еңбектің ең өрескел түрлерінің етек жаюы аса үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Оларға балалар құлдығының барлық түрлері жатқызылады  - кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы немесе  заңсыз істерге тарту, оларды есірткілердің өндірісі мен таратылуына араластыру.  Бұл тізімге өзінің сипаты мен жағдайы бойынша балалардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және адамгершілік тәрбиесіне нұқсан келтіретін жұмыстардың түрлері енгізілген.