Бүгін Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 1 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.
«2023 жылғы 19 ақпанда Балхаш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.