Бүгін Барак Обама Ресейден Италияға аттанды

МӘСКЕУ. АҚШ Президенті Барак Обаманың Ресейге үш күндік сапары аяқталып, «үлкен сегіздіктің» саммитіне қатысу үшін Италияға аттанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен екі күннің ішінде Обама РФ Президенті Дмитрий Медведевпен екі рет кездесті, Премьер-Министр Владимир Путинмен жүздесті және Ресей экономикалық мектебі түлектерінің алдында сөз сөйледі.

Сапардың басты қорытындысы - Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы негіздемелік келісімдерге қол қойылуы болды, ол осы қарулар бойынша жаңа шарттың негізі болмақ.

Сондай-ақ Ауғанстанға Ресей аумағы арқылы әртүрлі жүктерді тасымалдауды көздейтін әскери транзит жөнінде келісім жасалды. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша,  АҚШ Ауғанстанға әскери транзит ауқымында жылына 4,5 мың сапар жасайды.

Кремльдің пікірінше, Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі екі ел арасындағы ауқымды ынтымақтастыққа серпін берді.

Соңғы жаңалықтар