Бүгін - Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні

ТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні (2011 жылғы тамыздың 26-нан 27-не қараған түн - 1432 хижра жылының 26-27-ші рамазаны).

Бүгін - Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні

Айлардың ұлығы - Рамазан, күндердің ұлығы - жұма болса, түндердің шапағаттысы - Қадір түні. Бұл түні тек бір Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді. Таң атқанша айтылған тілек-ниеттің барлығы періштелер арқылы Алла тағалаға жеткізіледі. Сол үшін де барша мұсылман қауымы бұл түнді асыға күтеді.Қадір түні ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһтан уаһи келіп, Құранның алғашқы сүрелері түсе бастаған. Бұл түні мұсылман жамағат мешітке жиналып, таңды ұйқысыз қарсы алып, Аллаһқа мінәжат етеді. Осы түні оқылған аяттың сауабы мың айға, яғни, 83 жылға тең деп саналады.